«Тездет» ЖК

ТӨЛЕМ ЖӘНЕ ҚАРАЖАТТЫ ҚАЙТАРУ ТӘРТІБІ

2026 жылғы 18 сәуірдегі редакция | Қазақстан Республикасы

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Төлем және қаражатты қайтару тәртібі (бұдан әрі — «Тәртіп») «Tezdet» сервисінің қызметтеріне ақы төлеу және Пайдаланушылар сайт пен мобильді қосымша арқылы төлеген ақшалай қаражатты қайтару шарттарын айқындайды.

1.2. Сервис операторы — «Тездет» ЖК (бұдан әрі — «Агрегатор»), ЖСН/БСН 751209402215, мекенжайы: Қызылорда облысы, Байқоңыр қ., Шубников көш., 18-үй, 34-пәтер.

1.3. Тәртіп Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы», 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VI «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік актілеріне сәйкес әзірленген.

1.4. Сервисті пайдалану және төлем жасау Пайдаланушының осы Тәртіппен, Пайдаланушы келісімімен және Құпиялылық саясатымен толық және сөзсіз келіскенін білдіреді.

2. Төлем тәсілдері

2.1. Қызметтерге ақы төлеу және Жүргізушінің балансын толықтыру теңгемен (KZT) төмендегі тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады:

2.1.1. Kaspi.kz арқылы төлем («Төлемдер» → «Тездет» бөлімі) — Сервисте тіркелген телефон нөмірі бойынша есепке алу.

2.1.2. Halyk Bank арқылы төлем («Төлемдер» → «Тездет» бөлімі) — Сервисте тіркелген телефон нөмірі бойынша есепке алу.

2.1.3. PayLink.kz интернет-эквайринг сервисі арқылы банктік картамен онлайн-төлем (төлем шлюзі — төлем жүйелерінің лицензиаты, карта деректерін өңдеу процессинг орталығында жүргізіледі және PCI DSS стандартының талаптарына сәйкес келеді).

2.2. Visa, MasterCard халықаралық төлем жүйелерінің және KaspiGold жүйесінің төлем карталары қабылданады (нақты төлем тәсілі қолдайтынына қарай).

2.3. Үшінші тұлғалардың сервистері (Kaspi, Halyk, PayLink және басқа процессинг орталықтары) арқылы жасалған барлық төлемдер карта деректерін өңдеу және төлемнің қауіпсіздігі бөлігінде осындай сервистердің ережелерімен реттеледі.

3. Қаражатты есепке алу тәртібі

3.1. Пайдаланушының балансына қаражатты есепке алу Агрегатор тиісті төлем жүйесінен төлемнің сәтті өткені туралы растауды алғаннан кейін автоматты түрде жүргізіледі.

3.2. Стандартты есепке алу мерзімі — төлеуші шотынан қаражат іс жүзінде есептен шығарылған сәттен бастап бірнеше секундтан 30 (отыз) минутқа дейін. Ерекше жағдайларда (техникалық жұмыстар, төлем жүйесі тарапындағы кідірістер) есепке алу мерзімі 24 (жиырма төрт) сағатқа дейін ұзартылуы мүмкін.

3.3. Көрсетілген мерзім ішінде төлем есепке алынбаса, Пайдаланушы қолдау қызметіне жүгінуге құқылы — төлемнің күнін, сомасын, тәсілін және мүмкіндігінше операция идентификаторын немесе түбіртекті көрсетуі тиіс.

4. Төлемнің мақсаты және не үшін төленеді

4.1. Сервис арқылы жасалатын Пайдаланушының төлемі — Жүргізушінің Сервистегі ішкі балансын толықтыру болып табылады; осы балансынан Пайдаланушы келісімінде және Жүргізушілерге арналған Жария офертада көзделген Агрегатордың комиссиялық сыйақысы мен өзге де ішкі төлемдер есептен шығарылады.

4.2. Агрегатор тасымалдау қызметі үшін ақыны тікелей қабылдамайды және ұстамайды. Сапар үшін Жолаушы мен Жүргізушінің арасындағы есеп айырысу тікелей жүргізіледі және осы Тәртіптің нысанасы емес.

4.3. Жүргізушінің балансы — Сервис ішіндегі есептік жазба, ол Жүргізушінің алдын ала төлеген сервистік қызмет көрсету көлемін көрсетеді. Баланс электронды ақша болып табылмайды және пайдаланушылар арасында еркін аударуға жатпайды.

5. Қайтару негіздері

5.1. Ақшалай қаражат мынадай жағдайларда қайтарылады:

5.1.1. Пайдаланушының немесе төлем жүйесінің кінәсінен жасалған қате (қайталама) төлем;

5.1.2. Пайдаланушы телефон нөмірін қате көрсетуі салдарынан бөтен шотқа түскен төлем;

5.1.3. үшінші тұлғалардың төлем картасын санкциясыз пайдалануы, құжатпен расталған;

5.1.4. Агрегатордың қызмет көрсету шарттарын елеулі түрде бұзуы, соның салдарынан қызметті алу мүмкін болмауы;

5.1.5. Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңында көзделген өзге де жағдайлар.

6. Қайтару туралы өтініш беру тәртібі

6.1. Қаражатты қайтару үшін Пайдаланушы info@tezdet.kz электрондық поштасына жазбаша өтініш жібереді.

6.2. Өтініште көрсетілуі тиіс:

6.2.1. төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты;

6.2.2. Сервисте тіркелген телефон нөмірі;

6.2.3. төлемнің күні, уақыты және сомасы;

6.2.4. төлем тәсілі (Kaspi, Halyk, PayLink арқылы банк картасы және т.б.);

6.2.5. қайтару негізі және мүмкіндігінше түбіртек немесе чек көшірмесі;

6.2.6. қайтаруға арналған деректемелер (картаға қайтару кезінде — төлем жасалған картаның деректемелері).

6.3. Агрегатор төлем жасалу фактісін және оны қайтаруға құқықты растайтын қосымша құжаттарды сұратуға құқылы.

7. Қайтару мерзімі және тәсілі

7.1. Өтініш келіп түскен және барлық қажетті құжаттар ұсынылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаралады.

7.2. Оң шешім қабылданған жағдайда қаражат төлем жасалған тәсілмен және дәл сол шотқа/картаға қайтарылады. Өзге деректемелерге қайтару тек бастапқы деректемелер бойынша қайтару мүмкін болмаған ерекше жағдайларда жүзеге асырылады.

7.3. Қайтарылған қаражаттың Пайдаланушы шотына іс жүзінде түсу мерзімі эмитент-банктің және төлем жүйесінің ережелеріне байланысты және 1 (бір) күннен 30 (отыз) күнтізбелік күнге дейін болуы мүмкін.

8. Қайтару мүмкін болмайтын жағдайлар

8.1. Қайтару мынадай жағдайларда жүргізілмейді:

8.1.1. енгізілген қаражат Жүргізушінің балансынан ұсынылған сервистік қызмет ақысы ретінде есептен шығарылған болса;

8.1.2. Пайдаланушының есептік жазбасы жойылған, бірақ қалдыққа құқық Пайдаланушы келісімінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде мәлімделмеген болса;

8.1.3. Пайдаланушы келісімін немесе Жүргізушілерге арналған Жария офертаны бұзғаны үшін Пайдаланушының есептік жазбасы бұғатталған болса;

8.1.4. төлеушіні сәйкестендіру және қайтару негізін растау үшін қажет мәліметтер мен құжаттар ұсынылмаған болса.

9. Даулы операциялар және шағымдар

9.1. Даулы операция бойынша шағым келіп түскенде Агрегатор төлем жүйесі мен эквайер-банк ұсынған деректерді ескере отырып тексеру жүргізеді.

9.2. Эмитент-банк арқылы операцияны даулау кезіндегі қайтару рәсімі (chargeback) тиісті төлем жүйесінің ережелерімен реттеледі және Пайдаланушы өз бастамасымен бастауы мүмкін.

9.3. Алаяқтық немесе төлем картасын санкциясыз пайдалану фактісі расталған жағдайда Агрегатор эквайер-банкпен және төлем жүйесімен олар белгілеген тәртіпте өзара іс-қимыл жасайды.

10. Өтініштерге арналған байланыстар

10.1. Төлем және қаражатты қайтару мәселелері бойынша барлық өтініштер төмендегі арналар арқылы жіберіледі:

E-mail: info@tezdet.kz

Телефон / WhatsApp: +7 771 034 7248

10.2. Өтініштерді қабылдау режимі — тәулік бойы. Жауап өтініш алынған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жіберіледі.